Атырау, 18 мамыр 15:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барак Обама АҚШ-та қара нәсілді азаматтардың жиі оққа ұшатынына алаңдап отыр

2 899 просмотра

Фото: Тvc.ruАҚШ Президенті Барак Обама соңғы кездері полиция қызметкерлерінің афроамерикандықтарды өлтіру оқиғасының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, бұл мәселе барлық америкалықтарға қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

«Бұл – қара нәсілді азаматтар мен латын америкалықтардың ғана емес, америкалықтардың да проблемасы. Сондықтан біз мұны шешуге тиіспіз», - деді ол.

Барак Обаманың айтуынша, тәртіп сақшылары афроамерикалықтарды АҚШ-тың ақ нәсілді тұрғындарымен салыстырғанда жиі оққа байлайды екен.

«Мұндай оқиғалар болған кезде, біздің азаматтарымыздың басым бөлігі оларды терінің түсіне байланысты кемсітеді деп ойлайды. Бұл жағдай қапаландырады», - деді АҚШ президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде, сәрсенбі күні АҚШ-тың Луизиана штатында халық жаппай ереуілге шыққан болатын. Олар интернет желісінде пайда болған видеоға өз наразылығын білдірген. Видеода Бато-руж қаласында екі ақ нәсілді тәртіп сақшысы афроамерикалыққа оқ атып жатқаны бейнеленген.

Медициналық сараптамадан кейін, 37 жастағы Элтон Стерлинг ауыр жарақаттан көз жұмғаны анықталды.

Ал келесі күні интернетте осыған ұқсас тағы бір бейнежазба пайда болды. Мұнда полиция қызметкерлері афроамерикалық азаматқа оқ атқаны көрінеді.

Видео жазбада АҚШ-тың Миннесота штатындағы Филандо Кастиле есімді азаматтың өлімі көрсетілген.

Дереккөз: Bnews.kz

8 шілде 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.