Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кабул: "Талибанмен" келіссөзді қайта бастау жоспарымыз жоқ

1 166 просмотра

Ауғанстан президенті Ашраф ҒаниАуғанстан президентінің кеңсесі қазір Кабулдың "Талибанмен" бейбіт келіссөзді қайта бастау жоспары жоғын мәлімдеді,- деп хабарлайды Азаттық.

Президент Ашраф Ғанидің баспасөз хатшысы Харун Чахансуридің айтуынша, "Талибан" өкілдерімен бейбіт келіссөз бастаудан үміт етіп төрт елден құралған топтың кездесу жоспары жоқ.

Ауғанстан, Пәкістан, Қытай және АҚШ өкілдері биыл Кабул мен Пәкістанда бес рет кездескен. Бірақ "Талибан" өкілдері кездесулердің барлығынан қатысудан бас тартқан.

Ашраф Ғани Исламабадты "Талибан" жетекшілерін паналатып отыр деп айыптайды. Бірақ Пәкістан билігі өкілдері мұны жоққа шығарады.

Чахансури Ауғанстан "Пәкістаннан қолдау тауып, басқарылып отырған террористік топтан әлі зардап шегіп отырғанын" айтты.

Ашраф Ғани 2014 жылы президенттік қызметіне кірісер алдында "Талибанмен" және оның бөлімі - "Хаккани" тобымен бейбіт келіссөз жасауға тырысатынын айтқан.

Бірақ биыл Кабулде болған бірнеше ірі жарылыс Ғаниды Исламабад "Талибанды" қолдауын тоқтатпайынша Пәкістанмен диалогтан бас тартуға мәжбүрлеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 шілде 2016, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.