Атырау, 11 қазан 19:18
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

АҚШ-та наразылық акциялары өтуде

2 069 просмотра

Фото: ReutersАҚШ-та полицейлер кезекті рет афроамерикандық азаматты атып тастағанан кейін бірнеше қалада наразылық акциялары басталды. Кеше (Қазақстан мен АҚШ арасындағы уақыт айырмашылығы 10 сағат, ол жақта әлі маусымның 7-сі - бейсенбі) жергілікті арналар соның барлығын тікелей эфир арқылы көрсетті. Вашингтонда наразылық акциясына бір мыңға жуық адам жиналса, Даллас қаласында атыстар болды. Ал Нью-Йорк қаласындағы митингтер тыныш өтті, деп хабаралайды Baq.kz.

Washington Post газетінің хабарлаунша, жыл басынан бері құқық қорғау оргындары 500-ге жуық адамды атып тастады. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, бірнеше пайызға артық. Осындайда қара нәсілді американдықтар 2,5 есеге жиі қайтыс болып жатады.

Жақында Луизиана штатында екі полицей қара нәсілді ер адамды атып тастады. Батон-Руж қаласында болған оқиға кезінде құқық қорғаушылар тәртіп бұзған азаматты жерге жатқызып, алып кетпекші болған. Бірақ бір полицей қаруын алып шығып, ол азаматты атып өлтірді.

Миннесота штатында полицей тағы бір афроамерикандыққа оқ атып, жарақаттаған болатын. Алайда ол, көп ұзамай, көз жұмды. Осы оқиғалардан кейін АҚШ-та нарызылық акциялары басталды.

Дереккөз: Baq.kz


8 шілде 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.