Атырау, 18 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді

Сурет Бейнежазба
2 476 просмотра

Фото: ReutersФото: ReutersФото: ReutersФото: ReutersФото: Reuters

15 шілдеде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріліс әрекеті болғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Әскери адамдар тобы өздеріне берілген құзірет мен қаруды пайдалана отырып, құқыққа қайшы әрекет жасамақ болды... Мұны төңкеріліс деп айту дұрыс емес шығар, бірақ қандай жағдай болса да, біздің азаматтарымыз тыныштықта өмір сүруі керек, біз бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін қолдан келгенді жасаймыз. Кінәлі адамдар ең қатал жаза алады", - деп мәлімдеді түрік үкіметінің басшысы NTV телеарнасының эфирінде телефон арқылы.

Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарналар хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Сонымен қатар Түркия астанасында әскери тікұшақтың ұлттық барлау қызметінің ғимаратының маңында оқ атқаны хабарланып отыр. Әскерилер Босфор арқылы көпірлерді қоршауға алды. Куәгерлер Желіге суреттер мен видеоларды жариялап жатыр.


Дереккөз: Тengrinews.kz

16 шілде 2016, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.