Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Абхазияда президенттің мерзімінен бұрын сайлауы туралы референдум болмай қалды

1 904 просмотра

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ – Абхазияда президенттің мерзімінен бұрын сайлауы туралы референдум болмай қалды, деп жазады РБК.

«Абхазияда республика басшысын мерзімінен бұрын сайлау туралы референдум өткен дауыс беру учаскелері жабылғаннан кейін дауыстардың нақты саны туралы мәлімет немқұрайлылық тудырды: себебі билік күні бойы сайлаушылардың өте аз келіп жатқанын хабарлады, кешке қарай келушілер саны 1% белгісіне жеткен», - делінген хабарда.

Бұл сайлаудың ерекшелігі сол - референдумға бастама жасаған оппозицияның өзі де, билік те сайлаушылардың учаскелеріне келмеуі үшін қолдарынан келгенін жасады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін Абхазия президенті Рауль Хаджимба референдумды болған жоқ деп таныды.

«Заңнамаға сәйкес, енді мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы мәселені екі жылдан кейін ғана қарауға болады. Біз референдумды өткізуге 8-9 млн рубль жұмсадық, ал оны біздің экономикалық жағдайды ескерер болсақ, барынша маңызды мәселелерді тиімді шешуге жұмсауға болатын еді», - деді ол.

Республикалық заңнама бойынша рефрендум болған болып саналады, егер оған тізімдегі адамдардың 50%-дан астамы қатысса ғана. Абхазия тұрғындары «Сіз Абхазия Республикасы президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу керек деп санайсыз ба?» деген сұраққа жауап беру керек болатын.

Абхазия үшін бұл 1999 жылғы референдумнан кейінгі плебисцит, ол кезде тұрғындардың 97,5%-ы тәуелсіздік үшін дауыс берген болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 шілде 2016, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.