Атырау, 18 мамыр 18:17
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

БАҚ: Омар әл-Шишани Иракта мерт болды

1 639 просмотра

Тархан Батрашвили, Омар әл-Шишани деген атпен белгілі ИМ командирлерінің бірі. Фото: AFP"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы жүргізетін "Амак" ақпарат агенттігі содырлар жетекшілерінің бірі Омар әл-Шишани Ирактың Мосул қаласы маңында үкімет әскерімен ұрыста мерт болғанын хабарлады. ИМ жақтастары әлеуметтік желілерде Шишаниді мадақтайтын жазбалар жариялай бастады,- деп хабарлады Азаттық.

АҚШ пен ирак биліктерінің өкілдері және сириялық белсенділер наурыз айында Шишани Сирияда америкалық әуе күштерінің соққысынан мерт болғанын хабарлаған. "Амак" агенттігі ол кезде Шишанидің қазасын жоққа шығарғанымен, оның тірі екеніне дәлел келтірмеген.

Шишанидің қаза тапқаны жайлы жаңа хабардың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз.

Грузияның Панкиси шатқалынан шыққан этникалық шешен, Омар әл-Шишани деген атпен белгілі Тархан Батрашвили бұған дейін Грузияның элиталық бөлімінде қызмет еткен. Ол ИМ-ге 2012 жылы қосылып, осы ұйымның ең қабілетті командирлерінің бірі саналған. Шишани АҚШ іздеу жариялаған содырлар қатарына іліккен. Оның қайда жүргені туралы ақпаратқа алты миллион доллар тігілген.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 шілде 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.