Болгария кеденшілері Түркиямен шекарада құны 10 миллион еуро болатын есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл жайында Бас прокуратураның ресми өкілі Румяна Арнаудова мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Есірткі құжат бойынша Голландияға 22 тонна томат пастасын апара жатқан ирандық жүк автокөлігінде болған. Онда жалпы салмағы 200 келіден асатын 400 қорап героин табылды», деді Арнаудова.
Жүк көлігін тексеру жалғасуда. Прокурор талабымен барлық 44 мың корап ашылатын болады.
Жүк көлігінің жүргізушісі 72 сағатқа қамалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оол 15 жылдан 20 жылға дейін қамалуы мүмкін және 100 мың еуродан 150 мың еуроға дейін айыппұл төлейді. Автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленіп, героин жойылатын болады.
Дереккөз: Іnform.kz