Атырау, 7 желтоқсан 03:07
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ангела Меркельдің Қырғызстанға сапары басталады

2 305 рет қаралды

Фото: Аzattyq.org Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель арнайы екі күндік іссапармен Бішкекке келеді,- деп хабарлады Азаттық.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауында, Меркель Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық мәселелерді талқылайды. Германия канцлері сапар кезінде Қырғызстан парламенті депутаттарымен кездеседі.

Меркель сапары алдында Қырғызстан Жоғарғы соты өмір бойы түрмеге қамалған қоғамдық белсенді Азимжан Асқаровты босатқан.

Осыған дейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. ол 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 шілде 2016, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.