Атырау, 18 мамыр 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тереза Мэй ресми түрде Ұлыбритания премьер-министрі болды

2 340 просмотра

Фото: AFPҰлыбритания Консервативтік партиясының жетекшісі Тереза Мэй патшайым Елизавета ІІ Дэвид Кэмеронның отставкасын мақұлдаған соң ресми түрде премьер-министр болып тағайындалды,- деп хабарлайды Азаттық. Қызметіне кіріскенде жасаған алғашқы мәлімдемесінде Мэй Ұлыбритания Еуропа Одағынан шыққан соң "әділетсіздікпен" күресіп, "мықты Ұлыбритания құруға" уәде берді. Ол сонымен қатар Еуропа Одағынан шығуға дауыс берген Англия мен Уэльс және одақ құрамында қалуды қолдаған Шотландия мен Солтүстік Ирландия арасында бөлініс пайда болған тұста елдің тұтастығын сақтауға тырысатынын айтты.

Тереза Мэй Ұлыбританияда референдум өткен 23 маусымнан бері қор нарығында орнаған тұрақсыздықты бәсеңсітуге тырыспақ. Жаңа үкімет құрамында елдің Еуропа Одағынан шығуы жөніндегі келіссөз жүргізетін жаңа министрлік пайда болмақ.

Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер Мэйді Брюссельмен келіссөзді барынша жылдам бастауға шақырды. Мэй бұған дейін Ұлыбританияның Еуропа Одағынан ресми түрде шығуына бастама болатын одақты құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабын жоюды 2017 жылға қалдыруы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан толықтай шығу процесіне екі жылдан көп уақыт кетпейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 шілде 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.