Атырау, 27 желтоқсан 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Гуантанамода отырған тәжік тұтқыны Сербияға көшірілді

2 029 рет қаралды

Фото: Аzattyq.orgМемлекеттік департамент өкілі тұтқындардың есімдерін жариялады: Тәжікстан азаматы Мұхаммади Давлатов және Йемен азаматы Мансұр Ахмад Саад әл-Дайфи. Департаменттің хабарлауынша, Гуантанамо тұтқындары Сербияға бірінші рет жіберіліп отыр - деп хабарлайды Baq.kz сайты centralasian.org-қа сілтеме жасап.

Давлатовты көшіру туралы шешім шамамен алты жыл бұрын қабылданған. Оның ісін алты америкалық мекеме – қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік департамент, әділет министрлігі, Ұлттық барлау басқармасы, АҚШ штаб басшылары бірлескен комитеті қарады.

Пентагон таратқан мәлімдемеде, Әл-Дайфидің көшірілуі туралы шешімді өткен жылы қазанда сарапшылар кеңесі мақұлдап, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін оны қамауда ұстаудың қажеттігі жоқтығын анықтаған.

Осылайша, Гуантанамо түрмесінде 76 тұтқын қалды.

Дереккөз: Baq.kz

12 шілде 2016, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.