Атырау, 18 мамыр 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Еуропа банктері күйреуі мүмкін

2 097 просмотра

Еуроодақтың қаржылық секторы жаңа капитал тарту мәселесі мен несиелер бойынша дефолт кесірінен қиын жағдайға тап болды. ЕО банктеріне бухгалтерлік баланстағы «саңылауды» жабу үшін 150 млрд. еуродан астам қаржы керектігін ескертті Deutsche Bank бас экономисі Дэвид Фолькертс-Ландау,- деп хабарлады Қазақпарат Утро.ру-ға сілтеме жасап.

«Еуропа ауыр дертке шалдықты», - деді ол Welt am Sontag неміс басылымына берген сұхбатында. Банкирдің пікірінше, тез арада ақша аударылмаса, ЕО банк жүйесін күйреу қаупі күтіп тұр.

Фолькертс-Ландау 2008 жылы АҚШ-тағы банк секторын ретке келтіру үшін 500 миллиард доллар кеткенін еске салды. Одан үш есе аз қаржымен Еуропаны құтқарып қалуға болады. Бірақ, бұл міндетті нормативтерді құрбандыққа шалуды талап ететін өте өзекті мәселе деп санайды ол.

Бәрінен бұрын қаржыгер Италияның банк жүйесі үшін алаңдаулы. Ондағы мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі 350 млрд. еуроға жетті және күннен-күнге артып келеді. Фолькертс-Ландаудың бағалауынша, оны құтқару үшін кемінде 40 млрд. еуро қажет.

Еуропалық банктер балансындағы мерзімі өткен несиелердің жалпы көлемі 2 млрд. еуроға жеткен.

РФ Сбербанк сарапшылары италиялық банктерді құтқарудың соңы еуроаймақ үшін ауқымды экономикалық дағдарысқа ұласатынын мәлімдеді.

Дереккөз: Іnform.kz

12 шілде 2016, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.