Атырау, 18 мамыр 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Біз Сирия мен Ирактағы лаңкестерге соққыларымызды күшейтеміз - Олланд

1 379 просмотра

Фото: AFPФранция президенті Франсуа Олланд (суретте) Ниццада болған терактіге байланысты халық алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ниццада 14 шілдеде (Бастилияны алған күні) жүк көлігінің жүргізушісі халықты өлтіріп, көзін жою мақсатында бір топ адамды қағып кеткен. Соның салдарынан 77 адам қаза тапқан. Олардың арасында балалар көп. Ал 20 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл шабуылдың лаңкестік әрекет екенін мойындамауға болмайды", - деді Олланд.

Олланд жүк көлігімен бір топ адамды қағып кеткен лаңкестің көзі жойылғанын растады. "Қазіргі уақытта біз оның сыбайластары болды ма, жоқ па айта алмаймыз", - деді Франция президенті.

Сонымен қатар, Олланд Францияның Сирия мен Ирактағы лаңкестерге соққыларын күшейтетінін мәлімдеді. "Біздің жерімізде шабуыл жасап жүрген Сирия мен Иракка соққылармызды күшейтеміз", - деді Олланд.

Айта кетейік, Франция президенті Францияда 26 шілдеде аяқталуы керек төтенше жағдай режимі тағы үш айға созылатынын айтты. Оның айтуынша, биліктегілер де "Сентинель" терактілерін алдын алу үшін операцияларды жүргізуді қолдайды.

Еске салайық, жүк көлігінің жүргізушісі Бастилияны алу күніне байланысты Ницца жағалауына отшашу көруге келген бір топ адамды қағып кеткен болатын. Ақпарат құралдарының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі 31 жастағы жергілікті тұрғын екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 шілде 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.