Атырау, 11 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Франция - Еуропа чемпионатының финалында

2 036 просмотра

Футболдан Франция құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Алаң иелері жартылай финалда қазіргі әлем чемпиондары Германия құрамасын 2:0 есебмен жеңді,- деп хабарлады Азаттық.

Матчтың 45 минутында Бастиан Швайнштайгер қолымен ойнағаны үшін Германия құрамасының қақпасына пенальти белгіленіп, оны Антуан Гризманн дәл орындады.

Ойынның 72 минутында Гризманн екінші голын салды. Таблодағы бұл есеп матч соңына дейін сақталды.

Енді 10 шілдеде Парижде өтетін Финалда Франция мен Португалия құрамасы кездеседі. Португлия жартылай финалда Уэльс құрамасын жеңген.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 шілде 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.