Атырау, 7 желтоқсан 03:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті

Сурет Бейнежазба
2 587 рет қаралды

Фото: ReutersФото: ReutersФото: ReutersФото: ReutersФото: ReutersФото: Reuters

Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kzсайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Франция билігі жұртты таптап өткен жүк көлігінің жүргізушісін атып тастаған. Жүк таситын көлікке мінген жүргізуші Ниццадағы әйгілі Ағылшын жағалауында Бастилияны алу күні мерекесінде от шашуды (салют) тамашалап тұрған қалың жұртқа келіп кірген, екі километрдей таптап өткен.

Ницца мэрі Кристиан Эстрозидің мәлімдеуіне қарағанда, көлік жүргізушісі (ер адам) бұқараға оқ жаудырған. Оны полиция атып өлтіргеннен кейін көліктен қару-жарақ пен гранаталар табылған.

Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнына ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты.

Сарапшылар бұл шабуылды ДАИШ жасаған деген шешімге келіп отыр.



Дереккөз: Tengrinews.kz


15 шілде 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.