Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Керри Мәскеуде Путинмен Сирия, Украина жайын талқылады

2 347 просмотра

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Сирия және Украина мәселесін, екі жақты қарым-қатынастар жайын талқылады,- деп хабарлады Азаттық.

Кездесу алдында Керри АҚШ президенті Барак Обама мен өзі қазір АҚШ пен Ресей әлем үшін пайдалы көп нәрсе жасай алатын жағдайда тұрғанын айтты. Керридің сөзінше, әңгіме "тек Сирия, Украина туралы емес, екі жақ кәдімгідей жетістікке жете алатын ауқымды салалар туралы" да болады.

Кездесуге Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков, АҚШ жағынан мемлекеттік хатшының көмекшісі Виктория Нуланд және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Теффт қатысқан.

Америкалық кейбір басылымдардың хабарлауынша, Керри Мәскеуге Сирия мәселесіне қатысты бірнеше ұсыныспен барған. Олардың арасында терроризммен күресте үйлесе әрекет ету ұсынысы да бар.

Керри Мәскеуге 14 шілде күні кешке барған. Бүгін ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жеке кездеседі.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 шілде 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.