Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Италияда пойыз апатынан 22 адам қаза тапты

Бейнежазба
2 816 просмотра

Фото: ReutersИталияның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кем дегенде 22 адам мерт болған. 33 адам жарақат алған, оның 18-і ауыр халде жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Апат Пулия аймағындағы Бари қаласында болған. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, пойыздағы жолаушылардың басым бөлігі Бари университетіне бара жатқан студенттер болған.

Тергеушілер бір пойыздың жылдамдықты асырғаны туралы дерек жариялап, апатқа адам факторы себеп болуы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

2013 жылы Италия тарихындағы ірі жол апаты болған. Онда автобус жолдан шығып кетіп, 38 адам қаза болған.


Дереккөз: Аzattyq.org

13 шілде 2016, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.