Атырау, 17 маусым 09:42
 дождьВ Атырау +23.4
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Меркель де жеңді, әсіре оңшылдар да күшейді Әлемде

Меркель де жеңді, әсіре оңшылдар да күшейді

Алдын-ала нәтижелерге сәйкес Германия канцлері Ангела Меркельдің консерваторлық одағы 24 қыркүйекте өткен парламент сайлауында басым көпшіліктің дауысына ие болды. Меркель ханым төртінші мәрте үкімет басқармақшы. 25 қыркүйек 2017, 09:30 2 440 рет қаралды
Украина соты Саакашвилиге "шекараны бұзғаны" үшін айыппұл салды Әлемде

Украина соты Саакашвилиге "шекараны бұзғаны" үшін айыппұл салды

Украинаның Львов облысындағы Мостиска қаласының соты Одесса облысының экс-губернаторы және Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді мемлекеттік шекараны заңсыз өткені үшін айыпты деп таныды. Жұма күні сот Саакашвилиге 3400 гривна (шамамен 130 доллар) айыппұл салуға шешім шығарды деп хабарлайды Азаттықтың Украин қызметі. 23 қыркүйек 2017, 11:22 2 347 рет қаралды
Кремль: Facebook-тегі жарнамаға қатысымыз жоқ Әлемде

Кремль: Facebook-тегі жарнамаға қатысымыз жоқ

Кремль АҚШ президенті сайлауы кезінде Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған жарнамалық хабарламаларға Мәскеудің қатысы болуы мүмкін деген сөздерді жоққа шығрады. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әлгіндей хабарламаларға Ресей жағының ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді. 23 қыркүйек 2017, 11:19 2 346 рет қаралды
Мәскеу соты "Христиан мемлекеті" белсенділерін қамады Әлемде

Мәскеу соты "Христиан мемлекеті" белсенділерін қамады

Мәскеудің Хамовнический соты "Христианское государство" қозғалысының белсенділері Александр Баянов пен Юрий Калининді 11 қарашаға дейін қамауға алды. Белсенділер "Матильда" фильмінің режиссері Алексей Учительді қорғайтын адвокат Константин Добрыниннің кеңсесі алдында көлігін өртеді деп айыпталып отыр. 22 қыркүйек 2017, 10:52 2 311 рет қаралды
Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты Әлемде

Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты

КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұқты, - деп хабарлайды Lenta.ru. 22 қыркүйек 2017, 10:15 2 317 рет қаралды
Калифорния қалалары климат өзгерістері үшін мұнай алыптарынан төлем талап етті Әлемде

Калифорния қалалары климат өзгерістері үшін мұнай алыптарынан төлем талап етті

АҚШ Калифорния штатының солтүстігіндегі екі қала сәрсенбі күні бес ірі мұнай алыбының үстінен шағым түсіріп, мемлекеттік органдарға осы компанияларды климаттың өзгеруін жою үшін кейбір қажетті инфрақұрылымдық жобаларға төлем төлеуін мәжбүрлеуді талап етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.  21 қыркүйек 2017, 15:14 2 614 рет қаралды
Лукашенко: Ресей әскері "Батыс-2017" біткен соң еліне қайтады Әлемде

Лукашенко: Ресей әскері "Батыс-2017" біткен соң еліне қайтады

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағында Ресеймен бірлесіп өткізіліп жатқан "Батыс-2017" жаттығуы аяқталғаннан кейін ресейлік әскерилер еліне қайтады деп мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы 20 қыркүйекте Борисов қаласына әскери жаттығуларды бақылау үшін барғанда айтқан. 21 қыркүйек 2017, 15:01 2 638 рет қаралды
Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады Әлемде

Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады

Ресей мен Түркия басшылары келесі аптаның бейсенбі күні бас қосып, екі мемлекет арасындағы келелі мәселелерді – Сүрия мәселесін және Түркияның Ресейден сатып алатын S-400 қорғаныс жүйесі төңірегіндегі істерді кеңесетін болды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды. 21 қыркүйек 2017, 14:45 2 681 рет қаралды
Чуваш жазушысы Путинге тіл саясатында абай болуды ескертті Әлемде

Чуваш жазушысы Путинге тіл саясатында абай болуды ескертті

Башқұртстан мен Чувашияның белгілі жазушылары Ресей президенті Владимир Путинге тұрғындарының ауқымды бөлігін этникалық азшылықтар құрайтын ел аймақтарында байырғы халықтың тілін міндетті түрде оқыту ісіне кедергі қоймауға шақырған. Жазушылар әлгіндей саясат Ресейді әлсіретіп, алауыздық туғызуы ықтимал деп ескерткен. 20 қыркүйек 2017, 16:23 2 533 рет қаралды
Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анжелесте өтеді Әлемде

Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анжелесте өтеді

Жуырда Перудің астанасы – Лимада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 130-шы сессиясы өтіп, осы жиын барысында 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қай жерлерді өтетіні жайында айтылды. 20 қыркүйек 2017, 11:01 5 997 рет қаралды
Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті Әлемде

Мексикада жойқын зілзаладан қаза тапқандардың саны 139-ға жетті

Мексикадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнтеге сілтеме жасап.  20 қыркүйек 2017, 09:49 2 210 рет қаралды
Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты Әлемде

Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты

АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 20 қыркүйек 2017, 09:44 1 731 рет қаралды
Ресей Беслан құрбандарына 3 миллион еуро төлейді Әлемде

Ресей Беслан құрбандарына 3 миллион еуро төлейді

Еуропалық адам құқығы жөніндегі сот (ЕАҚС) қыркүйектің 19-ы күні өтемақы туралы шешімін қайта қараудан бас тартқаннан кейін Ресей әділет министрлігі Бесланда 2004 жылғы терактіде зардап шеккендерге үш миллион еуро төлеуге келісті. Министрлік сот шешімі орындалатынын айтты деп хабарлайды "Интерфакс". 20 қыркүйек 2017, 09:41 2 637 рет қаралды
Солтүстік Корея: Бізді қысқан сайын біз ядролық қару бағдарламасын тездетеміз Әлемде

Солтүстік Корея: Бізді қысқан сайын біз ядролық қару бағдарламасын тездетеміз

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі елге салынған жаңа санкциялар пакетіне қатысты қатаң жауап берді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 19 қыркүйек 2017, 09:57 2 783 рет қаралды
Литва Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды Әлемде

Литва Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды

Ресей мен Беларусь бірлесіп өткізіп жатқан "Батыс-2017" әскери жаттығуы барысында ресейлік әскери жүк тасымалдаушы екі ұшақтың 16 қыркүйекте Литваның әуе кеңістігіне кіріп кетуіне байланысты Литва сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Мәскеуге наразылық нотасын тапсырды. 19 қыркүйек 2017, 09:53 2 154 рет қаралды
Вашингтон: Пхеньянға қарсы "әскери варианттар" да қарастырылады Әлемде

Вашингтон: Пхеньянға қарсы "әскери варианттар" да қарастырылады

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің мәлімдеуінше, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тежеудің барлық мүмкіндіктерін сарқыған. Бұл туралы жексенбіде сөйлеген сөзінде Хейли АҚШ әкімшілігіне проблеманы Пентагонның көмегімен шешуіне тура келуі мүмкін екенін айтқан. 18 қыркүйек 2017, 11:56 2 092 рет қаралды
БҰҰ бас хатшысы Ирак Күрдістанында референдум өткізуді қолдамайды Әлемде

БҰҰ бас хатшысы Ирак Күрдістанында референдум өткізуді қолдамайды

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ирак Күрдістанының тәуелсіздігі туралы қыркүйектің 25-іне жоспарланған референдум "Ислам мемлекеті" террорлық тобына қарсы күрестен және жихадшылардан азат етілген аудандардағы жағдайды тұрақтандыру ісінен назарды басқаға бұрады деп санайды. Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді деп хабарлайды Reuters. 18 қыркүйек 2017, 11:03 2 700 рет қаралды
Ресей СІМ Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті Әлемде

Ресей СІМ Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті

Нью-Йорк қаласында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.  18 қыркүйек 2017, 10:51 2 071 рет қаралды