Атырау, 9 қазан 03:44
 дождьВ Атырау +12.6
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Әлемде

Путиннің Иранға сапарында Сирия мен мұнай мәселесі талқыланбақ Әлемде

Путиннің Иранға сапарында Сирия мен мұнай мәселесі талқыланбақ

Ресей президенті Владимир Путин 1 қарашада Тегеранға жасайтын сапарында Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен кездеседі. Кремльдің хабарлауынша, кездесуде Сириядағы дағдарыс және энергетика саласындағы ынтымақтас мәселелері талқыланбақ. 1 қараша 2017, 14:49 2 364 рет қаралды
Солтүстік Кореяның ядролық сынағы кезінде 200 адам қаза болған Әлемде

Солтүстік Кореяның ядролық сынағы кезінде 200 адам қаза болған

Жапония БАҚ-ы Солтүстік Кореяның ядролық сынағы кезінде 200 адамның қаза тапқанын жазуда. Бұл туралы Жапонияның «Экономика» басылымына сілтеме бере отырып, «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.  1 қараша 2017, 14:46 2 217 рет қаралды
Ресейде интернетті шектейтін заң күшіне енді Әлемде

Ресейде интернетті шектейтін заң күшіне енді

Ресейде 1 қарашада интернетке шектеу салатын жаңа даулы заң күшіне енді. Ресей президенті Владимир Путин 29 шілдеде қол қойған заң бойынша, прокси серверлерді, оның ішінде виртуалды жеке желілерді (немесе VPN) қолдануға тыйым салынады. Жаңа заңға сай, интернет провайдерлері VPN немесе басқа да прокси серверлерді ұсынатын сайттарды бұғаттауға міндеттелмек. Ресейліктер бұғатталған интернет ресурстарына кіру үшін шетелде орналасқан серверлер арқылы мұндай вебсайттарды жиі қолданады. 1 қараша 2017, 14:40 2 599 рет қаралды
Каталонияның басшысы Брюссельден саяси баспана сұрауы мүмкін Әлемде

Каталонияның басшысы Брюссельден саяси баспана сұрауы мүмкін

Испания билігі тарапынан айып тағылып, бас бостандығына қауіп төнген Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонт Бельгия астанасы Брюссельде жүргені туралы хабар тарады.  31 қазан 2017, 16:42 2 222 рет қаралды
Кенияда қанды қақтығысқа ұласқан сайлау аяқталды Әлемде

Кенияда қанды қақтығысқа ұласқан сайлау аяқталды

Кенияда қанды қақтығысқа ұласып, ұзақ тартысқа түскен Президент сайлауы аяқталды. Кенияның бұрынғы Президенті Ухуру Кениатта қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  31 қазан 2017, 16:36 1 704 рет қаралды
Грузия Саакашвилиді экстрадициялауға байланысты Украина жауабын күтіп отыр Әлемде

Грузия Саакашвилиді экстрадициялауға байланысты Украина жауабын күтіп отыр

Грузия билігі Михаил Саакашвилиді елге экстрадициялауға байланысты Украина жауабын күтіп отыр - деп мәлімдеді Грузия Бас прокурорының орынбасары Георгий Гогадзе. 31 қазан 2017, 13:02 2 732 рет қаралды
Сауд Арабиясындағы әйелдерге бұрынғыдан көбірек еркіндік беріле бастады Әлемде

Сауд Арабиясындағы әйелдерге бұрынғыдан көбірек еркіндік беріле бастады

Сауд Арабиясындағы әйелдер 2018 жылдан бастап ер азаматтармен қатар спорт алаңдарына ойын тамашалауға бара алады. Қазір Рияд, Жидда және Даммам қалаларындағы спорттық кешендерді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан бұрын Сауд Арабиясы әйелдеріне бірінші рет көлік жүргізуге рұқсат етілген болатын. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.  31 қазан 2017, 10:08 1 967 рет қаралды
Әзербайжан, Грузия және Түркияны жалғайтын теміржол ашылды Әлемде

Әзербайжан, Грузия және Түркияны жалғайтын теміржол ашылды

Әзербайжан, Түркия және Грузия басшылары 30 қазанда үш елді байланыстыратын 826 километрлік теміржол желісін ашты. Осылайша, Ресейді айналып өтіп, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын жүк және жолаушы тасымалдау желісі ашылды. 105 километр жаңа бөлігі бар теміржолда жылына бір миллион жолаушы мен бес миллион тонна жүк тасымалдауға болады. 31 қазан 2017, 09:44 2 144 рет қаралды
АҚШ Ресейдің қару-жарақ компанияларына санкция салды Әлемде

АҚШ Ресейдің қару-жарақ компанияларына санкция салды

АҚШ Конгресі қабылдаған жаңа ереженің пәрменімен Трамп үкіметі жексенбі күні Ресейдің 39 қару-жарақ саудасына қатысты компаниясына санкция салды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды. 30 қазан 2017, 15:41 3 741 рет қаралды
Гитлердің тірі қалғаны туралы құжаттар ЦРУ архивінен табылды Әлемде

Гитлердің тірі қалғаны туралы құжаттар ЦРУ архивінен табылды

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) америкалық барлау ведомствосының сайтында Адольф Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Латын Америкасына қашқаны туралы теорияларды растайтын құпия құжаттар жарияланды. 30 қазан 2017, 10:19 2 913 рет қаралды
Киевте Саакашвилидің жақтастары митинг өткізді Әлемде

Киевте Саакашвилидің жақтастары митинг өткізді

Киевте Жоғарғы Рада алдында Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің жақтастарының митигісі өтті деп хабарлайды Азаттықтың Украин редакциясы. Акцияға жүздеген адам қатысты. 30 қазан 2017, 10:01 2 180 рет қаралды
Каталонияда 130 мың адам Испания бірлігін қолдап шеруге шықты Әлемде

Каталонияда 130 мың адам Испания бірлігін қолдап шеруге шықты

Жексенбі күні Каталонияда жүз мыңдаған адамның қатысуымен халықтық шеру, басқа өңірлердегі испаниялықтардың бірлігін көрсетіп, өткен жұмада Каталония жергілікті билігінің біржақты жариялаған тәуелсіздігіне қарсылығын білдірді. Бұл туралы танымал «WSJ» басылымы хабарлайды.  30 қазан 2017, 09:58 2 464 рет қаралды
Мадрид Каталония аймағының билік органдарын таратты Әлемде

Мадрид Каталония аймағының билік органдарын таратты

Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония автономиялық аймағының үкіметі мен парламентін таратып, 21 желтоқсанда Каталонияда кезектен тыс сайлау өткізілетіні туралы мәлімдеді. Бұған дейін Испания парламенті сенаты Каталонияда Мадридтің тікелей басқаруын енгізуді қолдап дауыс берген болатын. 28 қазан 2017, 11:36 2 786 рет қаралды
Каталония парламенті ел тәуелсіздігін жариялады Әлемде

Каталония парламенті ел тәуелсіздігін жариялады

Каталония аймағының Испаниядан тәуелсіздік алуын 70 депутат қолдап, оны қарсы шыққан, екі депутат қалыс қалған. Еурокомиссия Каталония парламентінің шешіміне қатысты пікір білдірген жоқ. 28 қазан 2017, 11:32 2 409 рет қаралды
Атамбаев: ЕАЭО-ға тым қатты сеніппіз Әлемде

Атамбаев: ЕАЭО-ға тым қатты сеніппіз

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы соңғы оқиғалар "Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) тым үлкен сенім артып қойғанын көрсеткенін" мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Атамбаев бұған қоса Қырғызстанның стратегиялық және сенімді серігі "бауырлас Ресей" болғанын және солай бола да беретініне сенім білдірді. 27 қазан 2017, 15:23 3 341 рет қаралды
Гүлнара Каримованың бұғатталған ақшасына бірнеше ел таласып отыр Әлемде

Гүлнара Каримованың бұғатталған ақшасына бірнеше ел таласып отыр

Швейцарияның федералдық прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнәр Каримованың 2012 жылы бұғатталған ақшасына қатысты ісін тергеуді аяқтады. Тергеу 800 миллионға жуық АҚШ долларына қатысты. Іс әлі сотқа берілмеді. Бірақ бұл ақшаға қатысты талас басталып кетті. 27 қазан 2017, 12:29 3 083 рет қаралды
Кеннеди өліміне қатысты құпия құжаттар жарияланды Әлемде

Кеннеди өліміне қатысты құпия құжаттар жарияланды

АҚШ мемлекеттік мұрағаты президент Джон Кеннедидің өліміне қатысты 2800-ден астам құжатты жариялады. Құжаттарды көрсетуге, оның ішінде зерттеушілердің танысуына енді ғана рұқсет берілгендіктен оларда жаңа ақпараттың бар-жоғы әзірге белгісіз. 27 қазан 2017, 11:05 2 881 рет қаралды
Оңтүстік Кореяның оппозициялық партиясы АҚШ-тан ядролық қару сұрады Әлемде

Оңтүстік Кореяның оппозициялық партиясы АҚШ-тан ядролық қару сұрады

Оңтүстік Кореяның консервативті оппозициялық партиясы Трамп үкіметін Оңтүстік Кореяда тактикалық ядролық қаруды қайта орналастыруға ынталандыруда. Солтүстік Кореяның қауіп-қатерін толықтай бағалауға және Корей түбегіндегі жағдайды өзгертуге көмектесу үшін Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қамтамасыз етуі керек деп отыр. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады. 26 қазан 2017, 14:58 2 851 рет қаралды
OCCRP Путин мен оған жақын адамдардың табысын зерттеді Әлемде

OCCRP Путин мен оған жақын адамдардың табысын зерттеді

Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық (Organized Crime and Corruption Reporting Project - OCCRP) Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағылардың байлығына қатысты зерттеуін жариялады. Жоба "Новая газета" журналистерімен бірге жасалған. 25 қазан 2017, 10:31 2 219 рет қаралды
Сауд Арабиясы шөл далаға жаңа қала салмақ  Әлемде

Сауд Арабиясы шөл далаға жаңа қала салмақ

Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші әрі экспорттаушы мемлекет  Сауд Арабиясы толықтай  күн және жел энергиясымен қамтамасыз етілетін Неом (Neom) мегаполисі құрылысының жоспарын ұсынды. Шөл далада салынатын қала Азия және Африка елдері үшін технологиялық хаб болатыны анық. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.  25 қазан 2017, 10:26 3 009 рет қаралды