Атырау, 9 қазан 03:44
 дождьВ Атырау +12.6
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Әлемде

Саакашвили украин депутаттарын импичмент туралы заң қабылдауға шақырды Әлемде

Саакашвили украин депутаттарын импичмент туралы заң қабылдауға шақырды

Киевте 7 қараша күні кешке Жоғарғы Радада "Үлкен саяси реформаны қолдайтын бүкілукраиналық жиын" акциясына қатысушылардың митингісі аяқталды. Митингке 500-ге тарта демонстрант қатысты. Жиналғандар алдында сөйлеген Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили наразылық танытушылар украиналық депутаттарға "Украина президентіне импичмент жариялау туралы" заңын қабылдау жөнінде жаңа талап қоятынын мәлімдеді. Тиісті заң жобасын 31 қазанда Жоғарғы Радада фракцияға кірмейтін депутат Юрий Деревянко тіркеген. 8 қараша 2017, 10:06 2 216 рет қаралды
ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы мұнай бағасы алда қалай өзгеретінін айтып берді Әлемде

ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы мұнай бағасы алда қалай өзгеретінін айтып берді

2015 жылдан бері байқалмаған мұнай бағасының өсуі ары қарай жалғасады, өйткені, шикі мұнайға сұраныс қалпына келіп жатыр, - деп мәлімдеді ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы Рене Ортис РИА Новости агенттігіне. 7 қараша 2017, 10:55 2 180 рет қаралды
Техастық шабуылдаушының не себепті қантөгіс жасағаны белгілі болды Әлемде

Техастық шабуылдаушының не себепті қантөгіс жасағаны белгілі болды

АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде тұрғындарға оқ атқан Девин Келлидің бұл әрекетке не себепті барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 7 қараша 2017, 09:48 3 128 рет қаралды
Ресейде Путинге қарсы шеруге қатысқандар тұтқындалды Әлемде

Ресейде Путинге қарсы шеруге қатысқандар тұтқындалды

Ресейде осы жексенбі күні өткен Владимир Путинге қарсы шеруге қатысқан 400 адам тұтқындалған. Олар қала көшелеріндегі наразылық шарасына Вячеслав Мальцевтың ғаламтордағы "Путиннің тираниясына қарсы революция" ұйымдастыру туралы радикалды үндеуінен кейін шыққан. 6 қараша 2017, 14:25 3 562 рет қаралды
Каталония басшысы Карлес Пуджемонт тұтқындалды Әлемде

Каталония басшысы Карлес Пуджемонт тұтқындалды

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонт және онымен бірге Бельгияға қашқан 4 экс-министр тұтқындалды. Олар Соттың алдында жауапқа тартылғаннан кейін, Бельгияның шекарасынан аспау туралы қолхатпен қайта босатылды.  6 қараша 2017, 10:43 2 001 рет қаралды
Техаста қанды қырғын жасаған кім екені белгілі болды Әлемде

Техаста қанды қырғын жасаған кім екені белгілі болды

АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде тұрғындарға кім оқ атқаны белгілі болды. Ол Сан-Антонио қаласының маңайындағы елді-мекеннің бірінде тұрған 26 жастағы Девин Келли, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News телеарнасына сілтеме жасап. 6 қараша 2017, 10:36 2 634 рет қаралды
Техаста шіркеудегі атыстан 27 адам қаза тапты Әлемде

Техаста шіркеудегі атыстан 27 адам қаза тапты

Жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында баптистер шіркеуінде құлшылық кезінде әлдебір адам оқ атып, кем дегенде 27 адам қаза тапты. Техас губернаторының мәлімдеуінше, Сан-Антонио қаласынан оңтүстікке қарай 50 километр қашықтықтағы Сазерланд Спрингс елді мекенінде шіркеуде болған атыстан 20 адам жараланды. Бірнеше адам ауыр халде ауруханада жатыр. Құрбандар арасында жас балалар мен егде кісілер де бар. 6 қараша 2017, 09:43 2 212 рет қаралды
Роботтар адамзатты қырып, тіршіліктің жаңа формасына айналады. Ғалымның ескертуі Әлемде

Роботтар адамзатты қырып, тіршіліктің жаңа формасына айналады. Ғалымның ескертуі

Дамудың белгілі бір кезеңінде жасанды интеллект тәуелсіз бола бастайды да, адамнан асып түсетін тіршілік формасына айналады. Ұлыбританиялық ғалым Стивен Хокингтің пікірінше, бұл жақын болашақта болуы мүмкін, - деп жазады "Life.ru" порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 3 қараша 2017, 16:31 3 268 рет қаралды
ИМ Нью-Йорктегі шабуылды мойнына алды Әлемде

ИМ Нью-Йорктегі шабуылды мойнына алды

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Нью-Йоркте жүк көлігімен жасалған шабуылды мойнына алды. АҚШ-та орналасқан, террорлық әрекеттерді зерттеу жөніндегі SITE Intelligence Group тобының хабарлауынша, 3 қарашада ИМ Нью-Йоркте жүк көлігімен топ адамды адамды қағып, сегіз адамды өлтірді деп айыпталған Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповты "халифат сарбазы" деп атады. 3 қараша 2017, 15:55 2 456 рет қаралды
Трамп Азиядағы алғашқы сапарын жапон жұртынан бастауды жөн көрді Әлемде

Трамп Азиядағы алғашқы сапарын жапон жұртынан бастауды жөн көрді

Құрама Штат президенті Дональд Трамптың Азия-Тынық мұхит елдеріндегі алғашқы сапары Жапониядан басталады. Токиода Жапонияның премьер-министрі Шинзо Абемен кездесіп, келіссөздер өткізеді. Екі ел басшыларының кездесуінде АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келісімі басты тақырып болады деп күтілуде. 3 қараша 2017, 11:20 3 044 рет қаралды
Рамзан Қадыров Ленинді жерлеуге шақырды Әлемде

Рамзан Қадыров Ленинді жерлеуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коммунистер көсемі Владимир Лениннің мүрдесін жерлеуге шақырды. "Өлікке қарай беріп, жетер енді" деп жазды Қадыров Telegram-дағы каналында. Оның пікірінше, "Ресейдің дәл орталығында, Қызыл алаңда өлі адамның табыты тұрғаны дұрыс емес". 2 қараша 2017, 16:58 2 874 рет қаралды
Алты жылда Алмазбек Атамбаев қырғыз бюджетіне қанша шығын алып келді? Әлемде

Алты жылда Алмазбек Атамбаев қырғыз бюджетіне қанша шығын алып келді?

Биыл желтоқсан айының 1-і күні қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осыған байланысты қырғызстандық БАҚ өкілдері Атамбаевтың алты жылда жұмсаған қаржысынан бастап, қандай көлікпен жүретініне дейін жарыса жазуда. 2 қараша 2017, 11:02 2 949 рет қаралды
АҚШ-та Сайфулло Саиповқа терроризмге қатысты айып тағылды Әлемде

АҚШ-та Сайфулло Саиповқа терроризмге қатысты айып тағылды

АҚШ прокурорлары Нью-Йоркте жүк көлігімен жаяу адамдарды қағып өтіп, шабуыл жасады деген күдікті, өзбекстандық мигрант Сайфулло Саиповқа терроризмге қатысты қылмыстар жасады деген айып тақты. 2 қараша 2017, 10:56 1 869 рет қаралды
Путин Тегеранда ядролық келісім мен Сирия мәселесін талқылады Әлемде

Путин Тегеранда ядролық келісім мен Сирия мәселесін талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Тегеранға жасаған ресми сапарында 2015 жылы Иранның алты державамен жасаған ядролық келісімін қолдайтынын мәлімдеп, Сирия мәселесінде Иранмен ынтымақтастықты құптайтынын білдірді. Путин Тегеранға 1 қарашада Ресей, Әзербайжан және Иран басшылары арасындағы сауда, транспорт және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайтын келіссөзге қатысу үшін барған. 2 қараша 2017, 10:53 1 785 рет қаралды