Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Роботтар адамзатты қырып, тіршіліктің жаңа формасына айналады. Ғалымның ескертуі

2 959 просмотра


Дамудың белгілі бір кезеңінде жасанды интеллект тәуелсіз бола бастайды да, адамнан асып түсетін тіршілік формасына айналады. Ұлыбританиялық ғалым Стивен Хокингтің пікірінше, бұл жақын болашақта болуы мүмкін, - деп жазады "Life.ru" порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

"Қазір адамдар компьютерлік вирустар жасап жатса, болашақта өзін жетілдіре алатын жасанды интеллект те жасалады. Ол адамнан асып түсетін тіршіліктің жаңа формасына айналады", - дейді Хокинг.  

Ғалымның пайымынша, жасанды интеллект адамдарды алмастырады. Сондықтан ғалым адамдарды ғылыммен көбірек айналысуға шақырады. Адамдар басымдықтарын өзгертпесе, болашағымыз күңгірт болуы мүмкін.  

"Жер біз үшін тым тар болып барады, адам саны жылдам өсіп келеді. Осыдан барып бір-бірімізді жойып жібереміз деген қауіп бар", - деген ой айтады ғалым.  Мұның алдында америкалық бизнесмен Илон Маск жасанды интеллект жасаудан елдер арасындағы бәсекелестіктің үшінші дүниежүзілік соғысқа себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


3 қараша 2017, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.