2015 жылдан бері байқалмаған мұнай бағасының өсуі ары қарай жалғасады, өйткені, шикі мұнайға сұраныс қалпына келіп жатыр, - деп мәлімдеді ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы Рене Ортис РИА Новости агенттігіне.
"Сұраныстың артуы үрдіске айналды. Еуроодақ пен Азия экономикалық тұрғыда өскені байқалады", - дейді Ортис. Оның пайымынша, 2018 жылы мұнай өндіруді ОПЕК пен топқа кірмейтін Ресей сияқты елдерден 1,8 миллион баррельге дейін қысқартуды қарастыратын "Алжир келісімі" қажетсіз болып қалады.
Мұның алдында Brent маркалы мұнай бағасы баррельіне 64 долларға жеткен болатын.
Дереккөз: Тengrinews.kz