6 қараша күні Brent маркалы мұнай бағасы күрт өсіп, 62,81 долларға дейін жетті деп хабарлайды РИА Новости ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бағасы Лондон биржаларында барреліне 62,61 доллардан сатылып жатыр. Айта кетейік, мұнай бағасы бұл көрсеткішті соңғы рет 2015 жылдың қараша айында көрсеткен болатын. Мұнай бағасының күрт өсуі Сауд Арабиясының билігінде болып жатқан өзгерістермен байланыстырылып отыр.
Жексенбі күні, Сауд Арабиясының жемқорлықпен күрес агенттігі қырыққа жуық шенеулікті пара алды деп айыптаған. Сонымен қатар, Йеменмен шекара аймақта әуе апаты болып, жоғарғы лауазымды шенеуліктер мен ханзада Мансур бен Мукрин қайтыс болған.
Дереккөз: qazaqtimes.com