Атырау, 28 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Техаста шіркеудегі атыстан 27 адам қаза тапты

2 023 просмотра


Жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында баптистер шіркеуінде құлшылық кезінде әлдебір адам оқ атып, кем дегенде 27 адам қаза тапты. Техас губернаторының мәлімдеуінше, Сан-Антонио қаласынан оңтүстікке қарай 50 километр қашықтықтағы Сазерланд Спрингс елді мекенінде шіркеуде болған атыстан 20 адам жараланды. Бірнеше адам ауыр халде ауруханада жатыр. Құрбандар арасында жас балалар мен егде кісілер де бар.

Полицияның мәліметінше, шіркеудегі атысты 26 жастағы Дэвин Патрик Келли ұйымдастырған. Куәгерлер оның шіркеуге құлшылық басталғанда қара түсті киіммен кіріп барып, оқ атқанын айтады. Шіркеуден шығарда оған мерген мылтығы бар жергілікті тұрғын қарсы оқ атқан. Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан өз көлігімен қашып кеткен. Полиция аз уақыт ізіне түскен соң ішінде шабуыл жасаған адамның мәйіті жатқан қираған көлікті тапты. Оның өз-өзіне қол салғаны, я атыс кезінде алған жарақатынан көз жұмғаны белгісіз. Полицияның хабарлауынша, шабуылдаушының денесінеде оқ өтпейтін кеудеше болған.

АҚШ президенті Дональд Трамп шабуыл құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.

Дереккөз: Азаттық

6 қараша 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.