ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй (суретте) Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды "Караван".
Осыған дейін ҚР Парламентінің депутаттары осы мәселені көтерген еді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де бұл мәліметтің тексеріліп жатқанын мәлімдеген болатын. Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының тұрғындарына қатысты қатаң шаралар тек қазақ диаспорасына емес, сондай-ақ, басқа да ұлттың өкілдеріне қатысты қолданылып келген. Сонымен қатар, Чжан Ханьхуэй мемлекеттің осы өңірге қаржылай көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті.
"ҚХР ешқашан да кемсітушілік саясатын жүргізбеген және жүргізбейді", - деді Чжан Ханьхуэй.
"Біз КХР-дағы қазақтардың, нақтырақ айтсақ, Ұйғыр автономиялық округіндегі Синцзянда шекара асып, сапарға шығарда ресми құжат алуда қиындықтарға тап болып жатқанын анықтадық, КХР-да мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің төлқұжат алуында белгілі бір қиындықтарға тап болып жатқанын білдік. Бұл мәселелерді біз мұқият тексеріп жатырмыз, сараптаудамыз, сондай-ақ, мәселені қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Біздің СІМ-ге ресми тәртіппен түскен өтінішті назарсыз қалдырмаймыз", - деген еді осыған дейін ҚР СІМ министрі.
Дереккөз: Тengrinews.kz