Атырау, 28 қараша 23:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қырғыз билігі Қазақстанға тиесілі «Қаз Минералз Бозымчак» компаниясының жұмысын тоқтатты

3 127 просмотра


Қырғызстан билігі қазақстандық «Kazakhmys» корпорациясына тиесілі ОсОО «Қаз Минералз Бозымчак» компаниясының лицензиясын үш айға тоқтатты. 

Қырғызстан мемлекеттік энергетика және жер қойнауын пайдалану комитетінің басшысы Ұлан Рысқұловтың сөзінше, ОсОО «Қаз Минералз Бозмычак» компаниясы жұмысында экономикалық және техникалық заң бұзушылықтар анықталғаннан кейін үш айға тоқтатылған. Рысқұлов осы мәселе бойынша «Tazabek» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бұған дейін мемлекеттік экономика және техникалық тексерулер басқармасы ОсОО «Қаз Минералз Бозымчак» жұмысын тексерген болатын. Тексеру барысында бірнеше заң бұзулар анықталды. Осыған байланысты біз аталмыш олқылықтардың орнын толтыруға компанияға үш ай уақыт бердік. Осы үш ай ішінде компания лицензиясы уақытша тоқтатылатын болады» - деген. 

Естеріңізге салайық, ОсОО «Қаз Минералз Бозымчак» «Китко. Би. Ви» компаниясына тиесілі. Ал бұл компания өз кезегінде қазақстандық «Қазақмыстың» еншілес компаниясы. Бұдан бөлек Владимир Кимнің «Kazakhmys» корпорациясы Қырғызстанда «Kazakhmys Gold Kyrgyzstan» компаниясына ие.

Дереккөз: qazaqtimes.com

3 қараша 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.