Атырау, 21 ақпан 14:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Әлемде

Венесуэла билігі "әскери бүлік әрекетіне тойтарыс бергенін" мәлімдеді Әлемде

Венесуэла билігі "әскери бүлік әрекетіне тойтарыс бергенін" мәлімдеді

Венесуэла билігі Валенсия қаласында әскери бүлік жасау әрекетінің алдын алды деп мәлімдеді биліктегі Социалистік партияның депутаты Диосдадо Кабельо. Мұның алдында ғана интернетте әскери киімдегі бір топ адамның президент Николас Мадуроға қарсы шығуға үндеген бейне жазбасы жарияланған. 7 тамыз 2017, 10:42 1 638 рет қаралды
Финдер ауадан тамақ жасай бастады Әлемде

Финдер ауадан тамақ жасай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фин ғалымдары ауадан алынатын су мен көмірқышқылды азық болатын ақуыз түйіршіктеріне айналдыратын құрылғы ойлап тапты. Ерекше құрылғыны ойлап табушылар бұл жер бетіндегі ашаршылықпен күресуге көмегін тигізеді деп есептейді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазады.  7 тамыз 2017, 10:22 2 261 рет қаралды
Дубайдағы биік ғимараттардың бірі өртенді Әлемде

Дубайдағы биік ғимараттардың бірі өртенді

Дубайда 4 тамызға қараған түні әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі Torch Tower-де өрт болды. Билік ғимараттан адамдардың эвакуацияланғанын хабарлады. Бірақ өрттен құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Дубай Марин ауданында орналасқан бұл ғимаратта 2015 жылдан бері осымен екінші рет өрт болып отыр. 4 тамыз 2017, 11:17 2 848 рет қаралды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрт ел бірдей Иранның үстінен шағым айтты Әлемде

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрт ел бірдей Иранның үстінен шағым айтты

2015 жылы Иранмен келісім жасасқан алты елдің төртеуі – Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Германия және Франция қатарлы елдер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым жолдады.  4 тамыз 2017, 11:14 2 797 рет қаралды
Иран рухани көсемі Хасан Руханиды қайталай президент етіп тағайындады Әлемде

Иран рухани көсемі Хасан Руханиды қайталай президент етіп тағайындады

Бейсенбі күні түстен бұрын Иранның рухани көсемі Аятолла Хомейни Иран халқының берген дауысын қолдап, Хасан Руханиды Иран президенттік лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы сол елдің «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр. 4 тамыз 2017, 10:07 1 929 рет қаралды
Петр Порошенко Михаил Саакашвилидің еркін жүріп-тұруын қиындатты Әлемде

Петр Порошенко Михаил Саакашвилидің еркін жүріп-тұруын қиындатты

Ресми Киев АҚШ және өзге де мемлекеттердің билік органдарын Михаил Саакашвилидің Украина аумағында алған барлық құжаттарының күші жойылғаны жайында хабардар етті, деп хабарлайды Oxu.az сайты.  3 тамыз 2017, 16:17 2 484 рет қаралды
Молдова Ресей вице-премьерін персона нон грата деп жариялады Әлемде

Молдова Ресей вице-премьерін персона нон грата деп жариялады

Молдова үкіметі Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозинді "персона нон грата" деп жариялады. Үкімет 2 тамызда Молдова сыртқы істер министрі Андрей Гальбургтің Рогозиннің ел аумағына кіруіне тыйым салу туралы ұсынысын мақұлдады. 3 тамыз 2017, 13:03 2 007 рет қаралды
Гүлнара Каримованың ұлы: Анама жала жауып отыр Әлемде

Гүлнара Каримованың ұлы: Анама жала жауып отыр

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов бас прокуратураны анасына қатысты қылмыстық істі қолдан жасап отыр деп айыптады. BBC-ге берген, 1 тамызда жарияланған сұхбатында кіші Ислам Каримов анасына жала жабылып отыр деді. 2 тамыз 2017, 14:05 2 767 рет қаралды
Ауғанстан: Гератта мешітке шабуылдан 29 адам қаза тапты Әлемде

Ауғанстан: Гератта мешітке шабуылдан 29 адам қаза тапты

Ауғанстанның батысындағы Герат қаласында шииттердің мешітіне жанкешті мен қарулы адам шабуыл жасап, кем дегенде 29 адам қаза тапты. Жергілікті аурухана қызметкері Мохаммед Рафик Шахрзадтың хабарлауынша, жараланып ауруханаға түскендердің көпшілігінің халі ауыр. 2 тамыз 2017, 12:13 2 307 рет қаралды
Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының материалдарын ұрлап кетті Әлемде

Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының материалдарын ұрлап кетті

Кең таралған «Тақтар ойыны» сериалының жетінші маусымын әлемнің әр еліндегі көрермендері асыға күтіп отыр. Алайда, хакерлер тобы жаңа сериялар мен бірқатар материалдарын ұрлап алғанын мәлімдеді. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлайды. 2 тамыз 2017, 11:01 1 654 рет қаралды
Түркияда «мемлекеттік төңкеріс» оқиғасына айыптылардың соты болды Әлемде

Түркияда «мемлекеттік төңкеріс» оқиғасына айыптылардың соты болды

Түркияда өткен жылы орын алған "мемлекеттік төңкеріс" оқиғасына айыпты деп табылған 500-ге жуық адам сотқа тартылды. Anadolu ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оларға мемлекет басшысының өміріне қастандық жасауға тырысқаны, террористік ұйыммен байланысқаны, халыққа қарсы қару қолданғаны, Түркияға материалдық шығын келтіргені, т.б. өте көп кінә артылып, жазасы кесілген. 2 тамыз 2017, 10:58 2 271 рет қаралды
Саакашвили Порошенконы сынап, Украинаға қайта оралатынын мәлімдеді Әлемде

Саакашвили Порошенконы сынап, Украинаға қайта оралатынын мәлімдеді

Грузияның бұрынғы прездиенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы, таяуда ғана Украина азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвили Украинаға қайта оралу ниеті барын мәлімдеді. 1 тамызда Киевте оппозициялық "Жаңа күштердің қозғалысы" партиясы ұйымдастырған баспасөз конференциясында АҚШ-тан бейне байланыс арқылы сөйлеген Саакашвили шілдеде Украина президенті Петр Порошенконың өзін азаматтықтан айырғанын "заңсыз әрі Украинадағы демократияны қорлайды" деп атады. 2 тамыз 2017, 10:56 1 302 рет қаралды
Қытай халқы ешқашан басқыншы болмайды - Си Цзиньпин Әлемде

Қытай халқы ешқашан басқыншы болмайды - Си Цзиньпин

Қытай халқы бейбітшілікті бағалайды және ешқашан агрессор болмайды. Алайда ешкімге де өз жеріне қол сұғуға жол бермейді. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  1 тамыз 2017, 12:07 2 318 рет қаралды
Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежадқа қылмыстық айып тағылды  Әлемде

Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежадқа қылмыстық айып тағылды

Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежадқа жеті бірдей айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. 30 шілде күні Иранның жоғары сот мүшелерінің бірі хабарлама жариялап, Ахмадинежад президенттік өкілеттік мерзімінде мемлекеттік қаржыны орынсыз пайдаланылғаны туралы 7 түрлі қылмыстық  іс қозғалды деп мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» сайты «Парс.Ақпаратқа» сілтеме жасай отырып жазды. 1 тамыз 2017, 11:54 2 494 рет қаралды