Бішкекте "Ала-Арча" резиденциясында Қырғызстан президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбековті ұлықтау салтанаты өтіп жатыр. Салнататты шарада Сооронбай Жээнбековке Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова Жээнбековке президент куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.
Бұдан соң Жээнбеков ел конституциясына қолын қойып, ант қабылдады.
Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, салтанатты шараға депутаттар, министрлер, шетел елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері - барлығы 450 адам қатысып жатыр. Ұлықтау салтанатына шет мелмекеттер басшылары шақырылмаған.
Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі болған Сооронбай Жээнбеков қызметінен кеткен президент Алмазбек Атамбаев жетекшілік ететін Социал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп, 54 пайыз дауыспен жеңіп шыққан.
Дереккөз: Азаттық