Атырау, 29 қараша 01:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей ұшақтарының халықаралық авиация көрмесіне қатысуы шектелді

1 575 просмотра

Ресейдің әскери ұшақтары. Фото; International Business Times

Келесі жылы Ұлыбританияда өткізілетін «Farnborough» халықаралық авиация көрмесіне Ресей ұшақтары қатыстырылмайтын болды. Ұйымдастырушылардың берген мәліметіне қарағанда, бұл шешім Еуроодақ қабылданған Ресей соғыс қаруларын импорттау және экспорттауға қарсы эмбаргосына байланысты шығарылғаны мәлім болды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады. 

Ресей Әскери техника ынтымақтастығы сервисінің орынбасар директоры Анатолий Пунчук жасаған мәліметінде ағылшындардың бұл шешіміне наразылық білдірді. Әрі бұның осы саладағы бәсекелестіктің ауыр сынына бетпе-бет келу екенін алға тартты. Ресей парламентінің төменгі палатасы Думадағы  Сыртқы қатынастар комитеті жасаған мәлімдемеде бұл шешім Ресей экономикасына кері ықпал жасау үшін шығарылған шешім екені айтылды. 

Батыс елдері жыл өткен сайын Ресей әскери қару-жарақтарын сату мен сатып алуға шектеуді күшейтіп келеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


23 қараша 2017, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.