Атырау, 9 қазан 05:13
 дождьВ Атырау +12.6
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Әлемде

Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеді Әлемде

Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары сәрсенбі күні Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өз баяндамасында жариялады, деп хабарлайды РИА Новости. 6 желтоқсан 2017, 12:15 2 815 рет қаралды
Иерусалим Израильдің астанасы танылса бүкіл мұсылман əлемі көтеріледі – Ердоған Әлемде

Иерусалим Израильдің астанасы танылса бүкіл мұсылман əлемі көтеріледі – Ердоған

Егер АҚШ Иерусалимді еврей елінің астанасы деп таныса, Түркия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. 6 желтоқсан 2017, 12:07 1 984 рет қаралды
​Лаңкестер Ұлыбритания премьеріне шабуыл жасамақ болған Әлемде

​Лаңкестер Ұлыбритания премьеріне шабуыл жасамақ болған

Ұлыбританияның қауіпсіздік қызметі Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Тереза Мэйдің өміріне қастандық ұйымдастырмақшы болған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ТАСС.  6 желтоқсан 2017, 12:01 2 180 рет қаралды
"Мемориал": Грозныйда адамдар жаппай жоғалып жатыр Әлемде

"Мемориал": Грозныйда адамдар жаппай жоғалып жатыр

"Мемориал" құқық қорғау орталығы Шешенстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері Грозныйда тұрғындарды жаппай ұрлап жатқанын хабарлады. Әзірге жеті адамның ұрланғаны анық белгілі. 6 желтоқсан 2017, 09:37 2 302 рет қаралды
Жақтастары Саакашвилиді босатып алды Әлемде

Жақтастары Саакашвилиді босатып алды

Киевте Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы, "Жаңа күштер қозғалысының" жетекшісі Михаил Саакашвилидің жақтастары ұсталған саясаткерді қауіпсіздік қызметінің көлігінен артқы есігін бұзып, шығарып алды. Саакашвили наразы топты "Майданға" баруға үгіттеп, "Украинаны президент Петр Порошенконың бандасынан" азат етуге үндеді. Бейнежазба 5 желтоқсан 2017, 20:04 1 816 рет қаралды
Душанбе мен Ташкент шекара келіссөзін қайта бастамақ Әлемде

Душанбе мен Ташкент шекара келіссөзін қайта бастамақ

Өзбекстан мен Тәжікстанның екі ел арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі үкімет комиссиясы бес жыл үзілістен кейін жұмысын қайта бастайды. Тәжікстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Тәжікстан үкіметі комиссияның жаңа құрамын бекіткен. 5 желтоқсан 2017, 15:55 3 254 рет қаралды
Ресей АЕ/АР мен "Америка дауысын" "шетел агенті" тізіміне қосты Әлемде

Ресей АЕ/АР мен "Америка дауысын" "шетел агенті" тізіміне қосты

Ресей әділет министрлігі "шетел агенті" мәртебесі берілген ақпарат құралдарының тізімін жариялады. Министрлік сайтында жарияланған тізімге Азат Еуропа/Азаттық Радиосы (АЕ/АР), "Америка дауысы", "Настоцщее время" телеарнасы, Радио Совбоданың (АЕ/АР-дің Орыс редакциясы) Татар-башқұрт қызметі (AzatliqRadiosi), "Фактограф", АЕ/АР-дің "Idel.Реалии", "Кавказ.Реалии", "Крым.Реалии" жобалары енгізілген. 5 желтоқсан 2017, 14:13 2 608 рет қаралды
Киевте Саакашвилиді қауіпсіздік қызметкерлері ұстады Әлемде

Киевте Саакашвилиді қауіпсіздік қызметкерлері ұстады

Украина қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері киевте Грузияның бұрынғы президенті, "Жаңа күштер қозғалысы" саяси қозғалысының жетекшісі Михаил Саакашвилиді тұтқындады. Саясаткерге қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. 5 желтоқсан 2017, 14:10 1 972 рет қаралды
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың иммиграциялық жарлығын қолдап шықты Әлемде

АҚШ Жоғарғы соты Трамптың иммиграциялық жарлығын қолдап шықты

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын иммиграциялық жарлығын толық қолданысқа енгізетін шешім шығарды. 5 желтоқсан 2017, 11:49 2 769 рет қаралды
АҚШ Ресей аймақтарында қайтадан виза бере бастайды Әлемде

АҚШ Ресей аймақтарында қайтадан виза бере бастайды

Санкт-Петербург, Екатеринбург және Владивостоктағы АҚШ консулдығы 11 желтоқсаннан бастап иммиграциялық емес виза беруге сұхбат алуды қайта бастайды. Бұл туралы АҚШ елшілігінің сайтында хабарланды. Мәскеудегі елшілік те саны шектеулі иммиграциялық және иммиграциялық емес визалар және басқа да мақсаттарға виза беруге сұхбат алуды жалғастырады. 5 желтоқсан 2017, 09:56 1 647 рет қаралды
Иерусалим қаласына талас: Израиль-Палестина қақтығысы қайта өршігелі тұр Әлемде

Иерусалим қаласына талас: Израиль-Палестина қақтығысы қайта өршігелі тұр

Ирак, Сүрия, Украина, Корей түбегінің қайшылықтарының күшеюі осыған дейін ең тартысты Израиль-Палестин қақтығысын ұмыттырғандай болды. Алайда, алдағы уақытта Израиль мен Палестин арасындағы қайшылық пен талас-тартыс жаңа деңгейге көтерілгелі тұр. Бұл қайшылық өңірдегі аса маңызды Иерусалим қаласы үшін талас болмақ. 4 желтоқсан 2017, 17:18 4 659 рет қаралды
Душанбе Кабулдан шекарадағы жағдайды тергеуді талап етті Әлемде

Душанбе Кабулдан шекарадағы жағдайды тергеуді талап етті

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ауғанстан билігіне ресми нота жіберіп, 2 желтоқсанда Хатлон облысының Шамсиддини-Шохин (бұрынғы Шуроабад) ауданында болған қарулы қақтығысты жіті тергеуді талап етті. 4 желтоқсан 2017, 09:55 1 949 рет қаралды
​Конор МакГрегорды ирландиялық мафия аңдып жүр Әлемде

​Конор МакГрегорды ирландиялық мафия аңдып жүр

UFC экс-файтері Брендон Шауб өз дереккөздерінен UFC чемпионы Конор МакГрегор мен ирландиялық мафияның арасындағы қақтығысқа қатысты жаңа мән-жайды анықтады. Мұның алдында МакГрегор Дублиннің пабтарының бірінде ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адаммен төбелескені хабарланған еді.  2 желтоқсан 2017, 12:00 2 293 рет қаралды
Иранда 6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді Әлемде

Иранда 6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Бүгін таңертең Астана уақытымен сағат 8:32 кезінде Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман провинциясында 5-6 магнитудалы бірнеше жерасты дүмпуі тіркелгені туралы Еуропаның Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады. 1 желтоқсан 2017, 14:02 2 715 рет қаралды
Қауіпсіздік кеңестің КХДР зымыран сынағына байланысты шұғыл отырысы нәтижесіз аяқталды Әлемде

Қауіпсіздік кеңестің КХДР зымыран сынағына байланысты шұғыл отырысы нәтижесіз аяқталды

Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның зымыран сынағына байланысты шұғыл түрде кездесу өткізді. АҚШ тарабы кеңесте барлық елдерді КХДР-мен болған дипломатиялық қарым-қатынасын үзуді талап етті. Оған қоса Қытайдан Солтүстік Кореяға мұнай сатуын тоқтатуын сұрады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.  30 қараша 2017, 11:51 3 264 рет қаралды