Атырау, 29 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жақтастары Саакашвилиді босатып алды

Бейнежазба
1 587 просмотра


Киевте Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы, "Жаңа күштер қозғалысының" жетекшісі Михаил Саакашвилидің жақтастары ұсталған саясаткерді қауіпсіздік қызметінің көлігінен артқы есігін бұзып, шығарып алды. Саакашвили наразы топты "Майданға" баруға үгіттеп, "Украинаны президент Петр Порошенконың бандасынан" азат етуге үндеді.

"Әскер - біздің жағымызда" деген Саакашвили бейбіт шеруді қалайтынын да айта кетті. Саясаткер жақтастарымен бірге Жоғарғы раданың ғимараты алдында митингісін жалғастырды. Жиналған мыңға жуық адам Порошенкоға импичмент жариялауға шақырды.

Украина қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сейсенбіде сәл ертерек Саакашвилидің пәтерін тінтіп, қолына кісен салып алып кеткен еді. Ұстау кезінде Саакашвилидің жақтастары мен арнайы жасақ сарбаздары жанжалдасып қалған.

Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко жақтастарымен бірге 17 қазанда Жоғарғы Рада алдына шатыр тіккен Саакашвилиді "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыптаған. Парламент алдындағы шатырларда жүздеген демонстрант әлі тұрып жатыр.



Дереккөз: azattyq.org

5 желтоқсан 2017, 20:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.