Атырау, 3 ақпан 08:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Сәбиді бір тепкен ер адамның кім екені анықталды

2 805 рет қаралды


Ұсталған күдікті, болжам бойынша, баланың әкесі.

Бішкек қаласы Октябрь ауданы ішкі істер басқармасы көшеде баланы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Желіде пайда болған видеода ер адам жерге құлаған сәбидің ішінен бір теуіп жібереді. Видеоға сипаттамада жазылғандай, ролик сенбі 2 желтоқсан күні Бішкектегі "Ұлан-2" шағын ауданында түсірілген. Жедел қызметкерлер күдіктіні видео жарияланғаннан кейін келесі күні ұстады.

"2017 жылғы 2 желтоқсанда Октябрь ауданы ІІБ видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, ұстады. Ол Бішкектің 1967 жылғы тұрғыны болып шықты",- делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, күдікті – баланың әкесі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған.

Дереккөз: sputniknews.kz

4 желтоқсан 2017, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.