Атырау, 29 қараша 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Түркия соты 28 адамды өмір бойы бас бостандығынан айырды

1 855 просмотра


Түркия соты 28 адамды өмір бойы бас бостандығынан айырды – деп хабарлайды Dogan ақпарат көзі. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қараша айының 29-ы күні Түркия соты 2016 жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен ұсталған 28 әскери қызметкерді өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. 

 Бұдан бөлек Түркия билігі аталмыш оқиғаға қатысы бар 333 адамды қамауға алуға байланысты құжаттарды жария еткен. Қазіргі таңда Түркияда Ердоған билігі өзінің саяси қарсыласы Фетхуллах Гүленмен қатысы бар адамдардың барлығын қамауға алуда. 

Ресми Анкараның сөзінше, 2016 жылы 16 шілде күні елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған дәл осы Фетхуллах Гүлен жақтастары.

Дереккөз: qazaqtimes.com


30 қараша 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.