Атырау, 3 маусым 09:51
 дождьВ Атырау +13.2
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Лаңкестер Ұлыбритания премьеріне шабуыл жасамақ болған

1 985 рет қаралды


Ұлыбританияның қауіпсіздік қызметі Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Тереза Мэйдің өміріне қастандық ұйымдастырмақшы болған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды ТАСС. 

Бұл жайлы 6 желтоқсан күні MI-5 британдық контрбарлау қызметінің басшысы Эндрю Паркерге сілтеме жасап The Independent мәлім еткен.   Паркер алды алынған шабуыл жөнінде 4 желтоқсан күні министрлер кабинетіне берген баяндамасында айтқан. Өткен аптада Лондон мен Бирмингемде лаңкестікке қарсы рейд барысында екі азамат ұсталып, оларға терроризмге қатысты айыптар тағылды. Күдіктілер Даунинг-стритте орналасқан британ үкіметі басшысының кеңсесінің кіреберісіне жарылғыш заттар орнатып, кейін Мэйге пышақпен шабуылдауды жоспарлаған. Ұсталғандар 6 желтоқсан күні сот алдында жауап беретін болады. MI-5 басшысы сондай-ақ, министрлерге ағымдағы жылы тоғыз лаңкестік шабуылдың алдын алуға мүмкін болғанын жеткізді.

Дереккөз: inform.kz

6 желтоқсан 2017, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.