Атырау, 29 қараша 03:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Иерусалим Израильдің астанасы танылса бүкіл мұсылман əлемі көтеріледі – Ердоған

1 659 просмотра


Егер АҚШ Иерусалимді еврей елінің астанасы деп таныса, Түркия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, егер Вашингтон Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындаса, онда алдағы он күн ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымының көшбасшылары Ыстамбұлға жиналады және «мұсылман әлемі көтеріледі».

«Иерусалим – мұсылмандар үшін қызыл сызық. Мұндай шешім бүкіл адамзат үшін ауыр соққы болады. Біз мұны жай қалдырмаймыз», - деді Ердоған.

Сенбі күні Ақ үй Иерусалимге қатысты позициясын жақын уақытта жария ететінін хабарлаған болатын. Палестиналық тарап және Таяу Шығыстағы бірқатар елдер Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану аймақтағы жағдайды шиеленістіріп жібереді деп мәлімдеді.

АҚШ конгресі 1995 жылы американ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған болатын. Бірақ қаланың статусы даулы болғандықтан АҚШ президенттері әр жарты жыл сайын бұл шешімді орындауды кейінге шегеретін құжатқа қол қояды.

Иерусалим төңірегіндегі шиеленістің мәні – палестиналықтар мұсылмандардың қасиетті орындары орналасқан жер ретінде оның орталығы мен шығыс бөлігін өздерінікі санайды. Шет елдер бейтараптықты сақтау үшін елшіліктерін Тель-Авивке орналастырады.

Дереккөз: baq.kz

6 желтоқсан 2017, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.