Атырау, 29 қараша 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

"Мемориал": Грозныйда адамдар жаппай жоғалып жатыр

2 001 просмотра


"Мемориал" құқық қорғау орталығы Шешенстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері Грозныйда тұрғындарды жаппай ұрлап жатқанын хабарлады. Әзірге жеті адамның ұрланғаны анық белгілі.

"Мемориалдың" мәліметінше, ұрланғандарды Грозныйдағы Ұлттық гвардия ротасының территориясында "адам төзгісіз жағдайда" ұстап отыр, яғни, тамақ олар отыратын орын суық және оларға тамақ бермейді десе де болады. Шешенстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамдардың жоғалуына қатысы барын мойындамайды, олардың не себепті ұрлап отырғаны белгісіз. "Мемориал" Грозныйда адамдардың ұрлануына қатысты Ресейдің тергеу комитеті мен адам құқықтары жөніндегі уәкілге сұрау салмақ.

Құқық қорғаушылар бұған дейін Шешенстан тұрғындарының ұрланғаны жайлы бірнеше рет хабарлаған болатын. Із-түзсіз жоғалғандар қатарында терроризм айыбы тағылғандар мен олардың туыстары, жыныстық азшылық өкілдері және республика басшысы Рамзан Қадыровты сынаған адамдар бар.

Дереккөз: azattyq.org

6 желтоқсан 2017, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.