Атырау, 29 қараша 01:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қудалаудан қашқан түрік отбасы Эгей теңізінде cуға кетті

2 151 просмотра


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған режимінің қудалауынан бас сауғалау үшін қайыққа мініп, теңіз жолымен елден шығуға тырысқан бес адамдық отбасы Эгей теңізінде суға батты, деп хабарлайды Кazaknews.kz сайты.

Стокгольм бостандық орталығына (SCF) хабар берген сенімді ақпарат көздері Грекияның Лесбос аралы жағалауына жақын жерде табылған денелердің Хүсейін Маден есімді Түркия азаматының отбасы мүшелеріне тиесілі екендігін мәлімдейді.

SCF-ке берілген ақпаратта Түркияның Самсун аймағында тұратын жақын туыстарының Маден отбасысынан хабар алмағанына бірнеше күн болғаны анықталды. Осылайша, Грекия жағалауында табылған денелердің Ердоған билігі тарапынан Гүлен қозғалысы мүшелеріне бағытталған қудалаудан бас сауғалау үшін теңіз жолымен елден шығуға мәжбүр болған Хүсейін Маденнің балалары Надир Маден, Бахар Маден мен Феридун Маденге тиесілі болу мүмкін екені айтылады.

Жиналған ақпаратқа сәйкес, Грекияның жергілікті билігі Лесбос аймағынан шыққан өлі денелерден табылған жеке куәліктерді Маден әулеті мүшелеріне тиесілі ме екендігін анықтау үшін түрік полициясына берген.

Грек масс-медиасында шыққан хабарларда 11 қараша 2017 жылы Эгей теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан Лесбос аралы маңынан үш баланың өлі денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Босқындармен жұмыс істейтін бірде-бір орган немесе ұйымнан хабар-ошарсыз кеткендер туралы еш мәліметтің келмеуі тергеу жұмыстарын бастаған полиция қызметкерлерін әбден абдыратқан.

Lesvos News сайтына сүйенсек, грек полициясы үш баланың қайықпен аралға жетуге тырысқанда қаза тапқан үлкен босқындар тобының бір бөлігі болғаны туралы болжам жасайды. Лесбосқа таяуда келген босқындармен оқиғаға қатысты жеке сұхбат жүргізген жергілікті полиция өкілдері мәселенің мән-жайы медициналық сараптамадан кейін анықталады деп үміттенеді.

Дереккөз: kazaknews.kz 

23 қараша 2017, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.