Атырау, 3 маусым 12:47
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Дамаск қаласын бомбалау кезінде Сүрия ұлттық құрамасының спортшылары көз жұмды

1 837 рет қаралды

Фото: Правда-ТВ

Дамаск қаласын бомбылау кезінде дзюдодан Сүрия ұлттық құрамасының екі спортшысы көз жұмды – деп хабарлайды SANA ақпарат агенттігі. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ел астанасын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы содырлары атқылаған. Олар бұл жолы мемлекеттік ғимараттарды емес адам көп тұратын тұрғын үйлерді бомбалаған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, бірнешеуі жарақат алған. Қирандылар астында қалғандардың арасында екі бала мен дзюдодан Сүрия ұлттық құрамасының екі спортшысы бар. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айының 19-ы күні террористер Дамаск қаласының Маззе 86 ықшам ауданын, ал 20-сы күні Ресей елшілігін бомбалаған болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com


21 қараша 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.