Атырау, 29 қараша 01:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Францияда ресейлік миллиардер сенатор Сулейман Керимов ұсталды

1 556 просмотра


Францияда Ресей Федерация кеңесінің Дағыстаннан сайланған депутаты Сулейман Керимов (суретте) ұсталды деп хабарлады осы елдегі Ресей елшілігінің өкіліне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі. Депутат 20 қараша күні кешке Ницца қаласының әуежайында ұсталған.

Ресей прокуратурасының өкілі Reuters агенттігіне Керимов "салық төлемеді" деген күдікке ілінгенін айтқан.

Биыл ақпанда полиция Францияның оңтүстігіндегі аумағы 12 мың шаршы метр болатын Hier вилласын тінткен. Жергілікті Nice-Martin басылымы Hier мен тағы бірнеше қымбат нысанның Керимовке қатысы барын жазды.

Құжат бойынша, бұл вилланың иесі швейцар қаржыгері Александр Штудхальтер саналады, бірақ полиция қаржыгер бұл жылжымайтын мүліктің шын иесін "жасырып отыр" деп күдіктенеді.

Сулейман Керимов Федерация кеңесінің 2008 жылдан бері депутаты. 2016 жылы ол "Ресейдегі ең бай 200 бизнесмен" рейтингісінде 1,6 миллиард доллар байлықпен 45-орынды иеленген.

Дереккөз: Азаттық

22 қараша 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.