Атырау, 29 қараша 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей ауқатты Сулейман Керимовтың Францияда жауапқа тартылуына наразылық білдірді

1 347 просмотра

Фото: Reuters

Ресейдің ең бай заңгері Сүлейман Керимовқа қарсы Францияда салықтан жалтарғаны және заңсыз қаржы айналымына қатысы бар деген күдікпен тергеу жұмыстары басталды. Ол дүйсенбі күні кешкісін Ниццаға тұтқындалды. 

Ресей Үкіметі француз дипломатын жеке шақырып, жағдайды толық түсіндіруін және өз азаматын дереу бостандыққа шығаруларын талап етті. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Кремльдің өкілі: "Біз өз азаматымыздың заңды мүдделерін қорғау үшін бар күшімізді саламыз", - деп мәлімдеді. Сүлейман Керимов Францияға дипломатиялық төлқұжатпен кірген. Мәскеу дипломатиялық иммунитеті бар азаматтың абақтыға жабылғанын әбестік көріп отыр. 

«Россия 24» арнасы Сүлейман Керимов өзіне тағылған айыптардан толықтай бас тартып отырғанын жеткізді. Оның неге тұтқындалғаны туралы нақты деректер жоқ. Бірақ француз шенеунігінің сөзіне сәйкес, айыптар салықтан жалтару мен жемқорлыққа байланысты. 

Сүлейман Керимов - Ресейдегі құны 6,3 млрд $ болатын, алтын өндіруші «Полюс» компаниясының басшысы. Ресей Парламентінің жоғарғы палатасының сенаторы, 51  жастағы Сүлейман Керимов бұрын «Анжи Махачкала» футбол командасының иегері болған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

23 қараша 2017, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.