Мен Кәрімов пен Назарбаев мені кешірмейтінін білдім – деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарды табыстауға байланысты өткен салтанатты шарада сөйлеген сөзінде өзінің соңғы уақыттары жасаған мәлімдемелеріне түсініктеме берді. Ол онда: «Мен әр сөзімде қызуқанды айтқаныммен, мен барлық мәлімдемемді ойланып жасаймын. Мен кейбір дүниелерді жасағанда алдағы уақытта өте күшті жауларым болатынын білдім. Мысалы, мен Бішкек қаласынан АҚШ әскери базасын шығарғанда оған ешкім сенген жоқ. Иә олар бізге көмектесті. Алдағы уақытта да көмектесер еді. Бірақ біз осы арқылы ұлы держава көршілеріміз Қытай мен Ресейді ренжітіп алдық. Бізде мынандай мақал бар «алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» - деген.
Әрине мүмкін Сэм көке бізге туыс емес шығар. Бірақ олар бізге көмектесер еді. Алайда бірінші кезекте көршіңмен тату болу керек. Әсіресе, ұлы Қытай мен Ресей сияқты көршілеріңмен. Кейде керісінше, маған көршілермен қарым-қатынасты бұзуға тура келді. Сіздер мені Кәрімов кешірмейтінін білгенде қуанды деп ойламаңыздар. Сіздер ойламаңыздар мені Назарбаев ешқашан кешірмейтінін білмеді деп. Егер де мен БҰҰ-да үндемей қалғанымда қазір елді "жандайшап" басқарып отыратын еді» - деген.
Дереккөз: qazaqtimes.com