АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде тұрғындарға кім оқ атқаны белгілі болды. Ол Сан-Антонио қаласының маңайындағы елді-мекеннің бірінде тұрған 26 жастағы Девин Келли, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News телеарнасына сілтеме жасап.
Полиция оның террорлық топтармен байланысы жоқ екенін айтуда. Қазіргі таңда тергеушілер оның әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын тексеруге кірісті. 27 адамды атып тастаған жігіттің үйін полиция тінтіп шыққан.
Daily Beast интернет-басылымы 26 жастағы Девин Келли АҚШ-тың Әскери-әуе күштерінде қызмет еткенін анықтаған. Сондай-ақ, ол жексенбілік мектептерде сабақ берген көрінеді.
Айта кетейік, осыған дейін 5-қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде белгісіз азаматтың тұрғындарға оқ жаудырғанын хабарлағанбыз. Қаскүнемнің әрекеті салдарынан 27 адам көз жұмып, 30-ға жуық тұрғын жараланған.
Дереккөз: Baq.kz