Атырау, 28 қараша 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ Ресейдің қару-жарақ компанияларына санкция салды

3 279 просмотра

Танымал Калашников автоматы. фото: CNN Money

АҚШ Конгресі қабылдаған жаңа ереженің пәрменімен Трамп үкіметі жексенбі күні Ресейдің 39 қару-жарақ саудасына қатысты компаниясына санкция салды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды. 

Трамп өзінің президенттік құқығын шектейтін бұл жаңа ережеге қарсы болып келген. Дегенмен Конгресс мүшелерінің басым көпшілігінің дауыс беруімен бұл ереже қабылданған еді. Тамыз айында қабылданған бұл жаңа заң АҚШ-та талас тудырған. АҚШ қана емес Ресей және ЕО елдері де бұл жаңа ережеге таңдана қараған. Онда Ресейге салынатын санкцияларды АҚШ президенті күшінен қалдыра алмайды деп белгіленген. Жаңа заңдағы ереже бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментіне 60 күн ішінде Ресейдің қару-жарақ саудасына және барлау агенттерімен байланысы бар компаниялардың толық тізімін жасауды міндеттеген. 

АҚШ Мемлекеттік департаменті 27 қазан күні бірқатар ресейлік компаниялардың тізімін ресми сайтында жария етті. Құрама Штаттың Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл компанияларға қару-жарақ пен әскери техниканың ірі экспорттаушылары «Ресей Қорғаныс өнімдерінің экспорттау корпорациясы» қатарлы компаниялар кіргізілген. Тізімде тағы қару-жарақ өндіруші танымал кәсіпорын «Калашников» та бар. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


30 қазан 2017, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.