Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші әрі экспорттаушы мемлекет Сауд Арабиясы толықтай күн және жел энергиясымен қамтамасыз етілетін Неом (Neom) мегаполисі құрылысының жоспарын ұсынды. Шөл далада салынатын қала Азия және Африка елдері үшін технологиялық хаб болатыны анық. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.
Мұрагер ханзада Мухаммед бен Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд құрылыс жобасын «Болашақтың инвестициялық бастамалары» конференциясында ұсынды. Жаңа мегаполис мысырлық Шарм-эш-Шейх шипажайына жақын жерде, Қызыл теңіз бен Акаб шығанағы жағалауының 25 мың шаршы километр аумағында орналасатын болады. Жаңа конгломерация жағалау бойымен шамамен 500 шақырымға созылады, оның үштен екі бөлігін құмды жағажайлар құрайтын болады.
«Сауд Арабиясында әлдебір ұлы дүние жасауға биліктің саяси еркіндігі мен тұрғындардың талап-тілегі бар. Бұл бастамада жетістікке жетуге барлық факторлар да бар», - деді «2030 көрінісі» атауына ие болған корольдіктегі экономикалық реформалардың өршіл бағдарламаларының авторы болған 32 жастағы мұрагер ханзада.
Реформалар бағдарламасы бүкіл әлемдегі инвесторлардың қызығушылығын тудырды. Олар корольдік мұнай кірістерін қандай мақсатқа жұмсайтындығын есту үшін Эр-Риядтағы үшкүндік кеңеске жиналған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат