Атырау, 28 қараша 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кенияда қанды қақтығысқа ұласқан сайлау аяқталды

1 552 просмотра

Фото: Islam-today.ru

Кенияда қанды қақтығысқа ұласып, ұзақ тартысқа түскен Президент сайлауы аяқталды. Кенияның бұрынғы Президенті Ухуру Кениатта қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  

Сайлау жөніндегі тәуелсіз Ухуру Кениаттаның 290 сайлау округінің 265-інде, 98,2 пайыз дауысқа ие болғанын хабарлады. Қалған дауыстың 0,9 пайызын оппозициялық Раила Одинга мен өзге алты кандидат өзара бөліскен. Осыдан бұрынғы сайлау қорытындылары мойындалмағандықтан, қайта өткізілген дауыс беру шарасына 19,6 млн халықтың 38,84 пайызы (7,6 млн) қатысты. 

25 округте азаматтар сайлауға барудан бас тартты. Олар оның әділетсіз өтетіндігіне сенімді екендіктерін жеткізді. Дегенмен ел Үкіметі сайлауға қатысушылар саны 50 пайыздан төмен болғанына қарамастан, оны кейінге қалдырған жоқ. Себеп - Кенияда Президент сайлауы басталған тамыз айынан бастап жалғасып келе жатқан зорлық-зомбылық актілері. Осыған дейін жергілікті қақтығыстардан 30 адам қаза тапқан. 

Сайлауда жеңілген Оппозиция тарапы осы аптада пікірін білдіреді деп күтілуде. Егер Раила Одинга тағы да наразылық білдіріп, өз жақтастарына үндеу жолдаса, Кениядағы жаппай көтерілістер мен қантөгістер тағы да жалғасқалы тұр. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


31 қазан 2017, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.