Атырау, 28 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қырғызстан СІМ Қазақстан билігін сынға алды

2 206 просмотра

Фото: sputniknews.kz

Қазақстан тарапы қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды халыққа  дұрыс түсіндірмей отыр – деп мәлімдеді Қырғызстан Сыртқы Істер министрлігі баспасөз қызметі. 

Бүгін, яғни қазан айының 27-сі күні қырғыз тарапы таратқан ресми мәлімдемеде: «Қырғызстан жұртшылығы осы уақытқа дейін қазақ-қырғыз және Қазақстан-Ресей шекарасында болып жатқан жағдайларды сырттай бақылап отыр. Аталмыш шекараларда қазан айының басынан бері кеден қызметі күшейтілген режимге көшкен. Бірақ бұның барлығы ЕАЭО заңдары мен қазақ-қырғыз одағына қайшы келетін әрекеттер. Қазақстан билігі қазақ-қырғыз шекарасында болып жатқан жағдайларды осы уақытқа дейін әртүрлі түсіндіріп келді. 

11-ші қазан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік қызметі қазақ шекарашыларының күшейтілген режимге көшуін қауіпсіздік шараларын күшейту деп түсіндірген. Ал 14-ші қазан күні ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды Қырғызстандағы президент сайлауымен байланыстырды. Бірақ кейінен 15-ші қазан күні ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай ЕАЭО заңдарына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың көрінісі деген ақпарат таратты. Осылайша Қазақстан билігі қос елдің халқына дұрыс ақпарат бермей отыр» - делінген. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан кеден қызметін қатаң сынға алып, қырғыз билігі осы уақытқа дейін ЕАЭО елдеріне жалған ақпарат беріп келді деген болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

27 қазан 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.