Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Каталонияда 130 мың адам Испания бірлігін қолдап шеруге шықты

2 224 просмотра


Жексенбі күні Каталонияда жүз мыңдаған адамның қатысуымен халықтық шеру, басқа өңірлердегі испаниялықтардың бірлігін көрсетіп, өткен жұмада Каталония жергілікті билігінің біржақты жариялаған тәуелсіздігіне қарсылығын білдірді. Бұл туралы танымал «WSJ» басылымы хабарлайды. 

Жүз мыңнан асқан ереуілшілердің шарасы Каталонияның орталық қаласы Барселонада өтті. Осы айдың басында Каталония билігі Испаниядан тәуелсіз ел болуға әрекет жасаған еді. Тәуелсіздік жөнінде референдум да өткізген. Шеруді ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда шараға 130 мың адам қатысқан. Оның ішінде Барселона қаласының полиция қызметкерлерінен 30 мыңға жуық адам бар. 

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында өткен Каталония тәуелсіздігі жөніндегі референдум кезінде, каталониялықтардың 43 пайызы қатысып, оның 90 пайызы тәуелсіздікті қолдап дауыс берген болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


30 қазан 2017, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.