Атырау, 28 қараша 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресейде интернетті шектейтін заң күшіне енді

2 234 просмотра

Көрнекі сурет

Ресейде 1 қарашада интернетке шектеу салатын жаңа даулы заң күшіне енді. Ресей президенті Владимир Путин 29 шілдеде қол қойған заң бойынша, прокси серверлерді, оның ішінде виртуалды жеке желілерді (немесе VPN) қолдануға тыйым салынады. Жаңа заңға сай, интернет провайдерлері VPN немесе басқа да прокси серверлерді ұсынатын сайттарды бұғаттауға міндеттелмек. Ресейліктер бұғатталған интернет ресурстарына кіру үшін шетелде орналасқан серверлер арқылы мұндай вебсайттарды жиі қолданады.

Заң жобасын ұсынған депутаттар интернетке мұндай шектеу экстремистік материалдар мен идеялардың таралуына жол бермеу үшін негізіліп отырғанын айтқан.

Заңды сынаушылар Путин билігі өзгеше ойлайтындар мен билікке қарсыларды қудалау үшін "экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу" деген сылтауды жиі қолданатынын айтады.

Ресей билігі соңғы жылдары интернет қолданушыларға "экстремистік сипатта" немесе "дінге сенушілерге тіл тигізеді" деп танылған контенті үшін қудалауды күшейткен.

Freedom House құқық қорғау ұйымының 2016 жылға арналған есебі бойынша, Ресей "интернеті еркін емес" 20 елдің бірі саналады.

1 қараша 2017, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.