Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ирандағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны артып келеді

2 660 просмотра

Фото: Reuters

Иранда жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 141 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.  

Осыған дейін 129 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.  Сонымен қатар, ирандық "Қызыл жарты ай" ұйымы жер сілкінісіне зардап шеккендер үшін лагерь тігіп жатыр.  

Айта кетейік, 12 қарашада Иран мен Ирак шекарасында 7,2 магнитудалық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Бағдат қаласынан 204 шақырым жерде, ал Иранның Керманшах қаласынан 104 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің ошағы тереңде болған. Ал Иракта осы оқиғаның салдарынан 6 адам қаза тапты.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


13 қараша 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.