Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнайдың бағасы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,44 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,93 долларға жетті.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 0,36 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 57,17 долларды құрады.
Дереккөз: ҚазАқпарат