Атырау, 18 мамыр 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ ұшақ тасымалдағыш кемелері Корей теңізі аумағына кірді

Бейнежазба
1 953 просмотра

Фото: The National Interest

Корей түбегіне бет алған АҚШ ұшақ тасымалдағыш кемелері бейнеленген видеоролик жарияланды. Қараша айының 12-сі күні АҚШ әскери теңіз күштері баспасөз қызметі «Ronald Reagan», «Nimitz» және «Theodore Roosevelt» ұшақ тасымалдағыш кемелерінің Оңтүстік Корея теңіз аумағына кіру сәті бейнеленген видеоролик жариялады. 

АҚШ қарулы күштерінің жетінші флот баспасөз қызметінің мәліметінше, Корея түбегіне келген АҚШ әскери теңіз күштеріне тиесілі кемелер қараша айының 11-і мен 14-і күндері аралығанда Оңтүстік Корея әскерилерімен бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын болады. Бұған дейін «Ronald Reagan», «Nimitz» және «Theodore Roosevelt» ұшақ тасымалдағыш кемелерінің қатысуымен болған оқу-жаттығу жұмыстары 2006-2007 жылдары Гуам аралдары маңында өткен.


Дереккөз: qazaqtimes.com 


14 қараша 2017, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.